Үндістандағы крематорийлерде коронавирус құрбандарын өртейтін орын жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандағы крематорийлерде коронавирус құрбандарын өртейтін орын жоқ

29.04.2021

Үндістан крематорийлерінде коронавирус құрбандарын қабылдайтын орын қалмады. Сондықтан, мәйіттерді жаппай өртейтін жаңа орындар пайда болған. Ел астанасы Нью-Делиде әрбір төрт минут сайын ковидтен 1 адамның өліп жатқаны туралы хабар тарады. Олардың денелерін саябақтар мен көлік тұрақтарында ашылған жасанды крематорийлерде өртеуге тура келіп отыр.

Айта кетсек, соңғы 24 сағатта Үндістанда 379 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 3645-і қайтыс болды. Үндістан - әлемде вакцина өндіруден алдыңғы қатарда тұрған елдердің бірі. Соған қарамастан, онда мамырдың 1-нен бастап 600 миллиондай адамға екпе салуға мүмкіндік болмай тұр.

Арыстан Рысбек

үндістан крематорий

Хабарламаларға жазылу