Бүгінге жоспарланған ОПЕК+ отырысы 1 маусымға шегерілді. Кеше тараптар мұнай өндіруге қатысты бұған дейінгі шешімді өзгертпей, сол күйі қалдыруға уағдаласқан. Айта кетейік, сәуірде ОПЕК+ министрлері біртіндеп шикізат өндіру көлемін арттыруға келіскен еді. АҚШ-та қара алтын қорының көбеюі және жалпы карантин шектеулеріне қарамастан мұнай бағасы әзірге арзандаған жоқ. Brent баррелі 66 доллар, WTI маркалы мұнай 62 доллар шамасында.
Ақерке Бектас