Қазақстанда электромобильге арналған батареялар шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электромобильге арналған батареялар шығарылады

28.04.2021

Қазақстанда электромобильге арналған батареяларды шығару жоспарланып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ел аумағында бес резервтік кен орны бар. Сирек кездесетін металл өндірісін арттыру үшін шетелдік компаниялармен әріптестік байланыс орнатады. Электромобильге арналған литий батареяларын шығаруға арналған келіссөздер басталып кетті.

Жандос Қосақбай, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитетінің бас сарапшысы:
Еліміз литий саласын дамыту үшін жетекші әлемдік консалтингтік компанияларды тарта бастады. Қазақстан аумағында бес резервтік кен орын бар. Әрине, литий қорларының көлемі құпия. Бірақ алдыңғы 20 елдің қатарына кіретініміз анық. Осылайша еліміз электромобильдер өндірісі бойынша жобаларға қызығушылық танытып отыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу