Саяси партиялардың сайлауға түсу ережелері Парламентте қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси партиялардың сайлауға түсу ережелері Парламентте қаралып жатыр

28.04.2021

Парламентте пікірлер плюрализмін қалыптастыру қажет. Саяси көзқарас сан алуан болуы маңызды. Ол үшін партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға түсірген дұрыс. Сондай-ақ халықтың саяси ұйымдарға қатысты ұстанымын аңғару мақсатында бюллетенге «бәріне қарсымын» жазбасы енгізіледі. Екі өзгеріс те халықаралық тәжірибеде сыннан өтіп, оң нәтижесін берген. Яғни, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін көбірек қамтып, ескеріп отыруға да мүмкіндік береді.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Барлығына қарсы» деген графаның енуі ол еліміздегі халықтың әлеуметтік, саяси, қоғамдық көзқарасының белгілі бір барометрі сияқты. Яғни, бүкіл партиялардың жұмысына қанағаттанған ба, жоқ па деген сұраққа тікелей режимде жауап алып отырады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу