Петропавлда 1400 саяжай учаскесі су астында қалды. Онда тұрып жатқан жүз адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Заречный кентіне аумағында Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Қауіпсіздік мақсатында көлік қозғалысы тоқтатылды. Жалпы су тасқыны басталғаннан бері өңірде 11 жол учаскесін су басты.
Владимир Хутинаев, қалалық ТЖ басқармасының бастығы:
Қазір Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр. Айтарлықтай шығынға батып, жапа шеккендер жоқ. Дегенмен, қауіп толық сейілді дей алмаймыз.
Эльмира Кәленова