Шетелдік БАҚ «QazVac» туралы жарыса жазып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік БАҚ «QazVac» туралы жарыса жазып жатыр

28.04.2021

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық вакцина туралы жарыса жазып жатыр. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Испания елдерінің әлемге танымал басылымдары да бар. QazVac қазір сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Дегенмен, алғашқы болып егілген 222 еріктінің жағдайы жақсы. Барлығында вирусқа қарсы иммунитет пайда болған. Ал жаппай егу басталған күні алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі отандық вакцинаны салдырды. Ведомство басшысының егілу сәті телеарналар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді деп жазған шетелдік басылымдар. Жалпы әлемдегі бірқатар ақпарат құралдары QazVac туралы оң пікірде.

Оңғар Алпысбай


казвак шетелдік басылымдар

Хабарламаларға жазылу