Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 1 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 1 млн-нан асты

28.04.2021

Елімізде коронавирсқа қарсы екпе салдырғандар саны миллионнан асты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, әсіресе алматылықтар белсенді. Мұнда 195 мыңнан астам адам вакцина алған. Алматы облысында 133 мың, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында 98 мыңнан асады. Шымкентте 89 мың, Шығыс Қазақстан облысында 53 мың адам екпе қабылдады. Вакцина алғандардың жалпы саны бір миллион 17 мыңдай адам.

Екпемен көбірек қамту үшін жақында вакцинаның өзге де түрлері жеткізіледі. Яғни QazVac пен Sputnik-V-дан бөлек, қытайлық hayat-vax және sinovac екпелерін алуға болады. Әрі бір компонентті ресейлік Cпутник-лайт вакцинасы өңірлерге таратылмақ.

Айта кетейік. жауапты министрлік ай сайын екі миллион адамға екпе саламыз деген еді. Сөйтіп, қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау көзделген. Бірақ осы айда жоспардың орындалмай қалу қауіпі бар.

Досжан Маратұлы

коронавирус ванцина екпе алғандар саны денсаулық сақтау

Хабарламаларға жазылу