Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын SMS арқылы төлеу қызметі тоқтайды. 1 мамырдан бастап күшіне енетін жаңа ереже туралы CTS көлік компаниясының өкілдері хабарлады. Айтуынша, мұндай шешім ұялы байланыс операторы қызметінің жиі істен шығуына байланысты қабылданған.
Сонымен бірге кейбір жолаушы қоғамдық көлікте жолақы төлеуден жалтарған. Мамандар төлем жасалмаған соң күніне шамамен 7 млн теңге шығын келгенін айтады. Жылдық шығын 2,5 млрд теңге. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жолақысын SMS-пен төлеу 2018 жылы енгізілген еді.
Ақерке Бектас