Биыл 1 млн 200 мың адам жұмыспен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 1 млн 200 мың адам жұмыспен қамтылады

27.04.2021

Биыл 1 млн 200 мың адам жұмыспен қамтылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, нақты жалақыны 10%-ке, 221 мың теңгеге көтеру жоспарланып отыр. Миллионнан аса адамның 700 мыңы «Еңбек» бағдарламасы арқылы, 32 мың азамат дағдарысқа қарсы жол картасымен жұмысқа орналасады. Ал еңбекке араласуға көмектесу үшін қысқа мерзімді оқытуға, техникалық және кәсіби білім алуға 36 мың адам жіберіледі. Қазір 2 мың адам осы қысқа мерзімді курста оқып жатыр. Бүгін Премьер-Министр өңірлік жұмыспен қамту картасын 1 шілдеге дейін дайындауды тапсырды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу