Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

27.04.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Марат Шибұтов пен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Дәурен Қуатты қабылдап, олардың қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегіндегі ой-пікірін тыңдады. Марат Шибұтов еліміздің аумақтық даму мәселелері жөніндегі көзқарасымен бөлісті. Сонымен қатар ақпараттық-сараптамалық орталықтардың, қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру туралы ұсыныстарын айтты. Ал Дәурен Қуат Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының ахуалы, оның ішінде, «Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі жағдайы жайында айтты. Сондай-ақ қазақ тіліндегі әдебиетті және баспа ісін қолдау жөніндегі ойымен бөлісті. Оның ішінде балалар әдебиетін дамыту туралы айтылды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу