Әлемдік экономикада туризмнің үлесі 2 есе азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік экономикада туризмнің үлесі 2 есе азайған

26.04.2021

Ал әлемдік экономикада туризмнің үлесі екі есе азайған. Oxford economics-тің хабарлауынша 2019 жылы туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10 пайыздан асқан еді. Былтыр бұл көрсеткіш екі есе төмендеп, 5,5 процентті көрсеткен. Сала төрт жарым триллион доллардан қағылған. Әрі жұмысшылар саны 18 пайызға қысқарды. Бұған әрине пандемия себеп. Халықаралық агенттіктің хабарлауынша бұл сандар биыл да кері кетуі ғажап емес. Өйткені саладағы жағдай әлі оңалмай тұр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу