Шымкентте жаппай төбелес кезінде бозбаланың өліміне себепші болған Қарағандыдағы «Жасұлан» мектебінің студенті 8 жылға, ал оның екі серіктесі 6 жыл 8 айға сотталды. Қайғылы оқиға былтыр дәл осы уақытта Маятас тұрғын алабында болды. Жасөспірімдер қарсыластарын түнгі сағат 11 шамасында кездесуге шақырып, жабылып ұрған. Соққыға жығылған үш баланың бірі -мектеп оқушысы, екеуі колледж студенті. Басы жарылып, саусақ тырнақтарының көбесі сөгілген бозбала ауруханада көз жұмған еді. Жаппай төбелеске қатысқан күдіктілердің бірі қарсы жақпен татуласуына байланысты жазадан құтылып кетті. Енді осы қайғылы оқиғаға байланысты қоғамдық тәртіпке салғырт қараған жауапты қызметкерлер де жазалануы мүмкін.
Дәурен Сайханов, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
Балалардың арасына келіспеушілік болды. Учаскелік полиция, ювиналды полиция, мектептегі күзет атқаратын полиция профилактикалық жұмыс жасамаған. Уақтылы жасағанда мұндай оқиға болмас еді.
Түркістанда тапа-тал түсте көшеде оқ атқанқандар әлі ұсталмады. Олардың кім екені анықталды , іздестіріп жатырмыз деп хабарлады іші істер басқармасы.
Әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнекөріністе белгісіз екі адам бір жігітті қуып, көшенің ортасында травматикалық қарудан оқ атқан. Ал, қара түсті жеңіл көлік жүргізушісі жолдың жиегінде күтіп тұрғанын көруге болады. Ақыры қашқан жігітті қолға түсірген үшеу оны күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен. Қазір осы оқиғаға байланысты Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды.
Ғани Қалмаханов