Елордадағы LRT желісі 2023 жылы пайдалануға берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы LRT желісі 2023 жылы пайдалануға берілмек

26.04.2021

Елордада құрылысы созылған  LRT желісі 2023 жылы пайдалануға берілмек. Жоба қаржыландырылып, құрылыс жанданбақ.

Биылдың өзінде  LRT-ға 700 миллион доллар қарастырылған. Ал жалпы жұмысты аяқтау үшін 1 миллиард доллардан астам қаржыны қарызға алу көзделген. Қазір мердігер компания бар. Жобаны жүзеге асыру кестесі жасалған. Оған сай, құрылыс-монтаж жұмыстары 2022-нің соңында аяқталады. Бірақ одан кейін желі тесттік режимде жұмыс істейді. Бәрі дұрыс болса, 2023-те пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ақшаны жымқыру дерегі бойынша құрылыс 2019-да тоқтатылған еді. Қазір бұл іс бойынша жеті адам сот алдында жауап беріп жатыр. Оларға үкім алдағы сәрсенбіде кесіледі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу