Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын салдырды

26.04.2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын елдің алды болып салдырды.

QazVac-ты қолдану ережелері сәл өзге. Мәселен, Спутник V-дің 1 құтысындағы дозаны бірден 5 адамға салу керек болса, отандық екпе 1 адамға ғана арналған. Сақтау талаптары да бір-біріне ұқсамайды. Бізде өндірілген екпені мұздатудың қажеті жоқ. 2-ден 8 градус жылылықта ұстаса жеткілікті. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы өңірлерге жетті. Әзірге 50 мың доза. Бұдан соң вакцина өндірісін айына 600 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Өндірісті ұлғайта түсу үшін әртүрлі жолдар қарастырып жатырмыз. Қазір түрік серіктестеріміздің алаңы бар. Сонымен қатар өзіміздің зауыт салынып жатыр. Құрылысы аяқталуға жақын. Құрал-жабдықтарды орнату мәселелері пысықталуда.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу