Талапкер ауылында «Ұлы дала елі» атты этноауыл ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талапкер ауылында «Ұлы дала елі» атты этноауыл ашылды

26.04.2021

Талапкер ауылында Дүниежүзі қазақтарының және «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» атты этноауыл ашылды. Шараның мақсаты – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кеңінен паш ету, ұлттық мәдениетімізді дәріптеу. Этноауыл ішіне киіз үй тігіліп, көшеттер отырғызылды. Оның әрбірі Тәуелсіздікке еңбегі сіңген мемлекет, қоғам қайтраткерлерінің есімімен аталды. Жалпы, аталған шара қауымдастық қызметкерлерінің қатысуымен ашық алаңда өткізілді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай мәдени іс-шараларды кеңінен насихаттайтындарын айтты.

Әділбек Ыбырайұлы, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы төрағасының орынбасары:
Бұл жерді ертең болашақта өзіміздің мәдени шараларды өткізуге қолайлы жер болғаннан кейін таңдадық. 


Хабарламаларға жазылу