Елордада салалық журналистиканы дамытуға бағытталған семинар өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада салалық журналистиканы дамытуға бағытталған семинар өтіп жатыр

26.04.2021

Салалық журналистиканы дамыту аса маңызды. Бір бағытты толық меңгерген маман сапалы әрі жылдам ақпарат беруде алдына жан салмайтын болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Еуразия ұлттық университеті өткізген біліктілікті арттыру курсының қатысушылары осылай деді. 5 күнге созылатын семинарда зерттеу тақырыптарын жасау, тіл тазалығы, діни тақырыптарда материал әзірлеу сияқты мәселелер қозғалады. Әсіресе шетелдік тәжірибені ескере отырып, отандық БАҚ-ты дамытудың жолдары қарастырылады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу