Армения премьер-министрі отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения премьер-министрі отставкаға кетті

26.04.2021

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Ол мұндай шешімді маусымның 20-да мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін қабылдаған. 

Және де Пашинян алдағы сайлауда биліктегі «Азаматтық келісім» партиясы атынан үкімет басшылығына кандидатурасын ұсынатынын жариялады. Тағы бір сөзінде ол жаңа кабинет құрылғанша қызметін толық атқара беретінін атап өтті.

Былтыр күзде Армения Таулы Қарабақ үшін соғыста жеңілісіке ұшырағаннан кейін Пашиняннан орнынан кетуді талап еткен шерулер қайта-қайта өтті. Құрамына 17 партия мен ұйым кіретін оппозиция премьерді сатқындық үшін айыптап отыр. Мұны жоққа шығарған Пашинян болса, қызметтен кетуге уәде бергенімен, билікке оралу үшін сайлауда тағы да бас сынайтынын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

армения пашинян

Хабарламаларға жазылу