Әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген өлмесін. Осы аптада «Қымбат жандар» бағдарламасындағы қауышудың тақырыбы бұл. Сенбек Шынтаев есімді азамат өзінің бірге оқыған екі курстасына іздеу салған. Жан достар оқу бітіргелі 41 жыл көріспеген. Біразын әлеуметтік желі арқылы тапқан. Бірақ ерекше сыйласқан екеуі хат хабарсыз кеткен. Бағдарлама мамандары бірден іздеу шарасына кірісті. Өкінішке қарай, іздеген жолдастарының екеуі де өмірден өтіп кеткен екен. Бірақ әкелеріне іздеу салды дегенді естіген ұрпақтары әкесінің жолдасымен қауышуға асықты. Әкеге деген ыстық сағыныштарын жеткізді.
Бағдарламаның толық нұсқасын осы жексенбі сағат 17:15-те арнамыздан көре аласыздар.
Раушан Сайлауқызы