БҚО-да карантин талабына бағынбаған 6 мейрамхана жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да карантин талабына бағынбаған 6 мейрамхана жабылды

23.04.2021

Батыс Қазақстанда індет өршіп, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 34%-ға өскен. Карантиндік шектеулерге қарамастан, тәртіпке бағынбау дерегі көп. Жыл басынан бері сот шешімімен 6 мейрамхана мүлдем жабылды. Демалыс күндері кейбір кәсіпкерлік нысанына локдаун енгізілсе де, жасырын жұмыс істейтіндер анықталды.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Мониторинг топтарымен 523 рейд жүргізіліп, 3120 нысан қамтылды. 19 нысанда бұзушылықтар анықталды. 105 хаттама толтырылып, 6 767 440 теңгеге айыппұл салынды.

Ал Маңғыстауда дүйсенбіден бастап жаңа қаулы күшіне енеді. Оның аясында жексенбі күндері сауда үйлері, ойын сауық орталықтары, спорт кешендері мен базарлардың жұмысы тоқтатылады. Мекеме қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Қоғамдық тамақтану орындарына кешкі 20.00-ге дейін, адам санын 30-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал, ірі азық-түлік дүкендері 23.00-ге дейін қызмет етеді. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу