Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.
Кездесуде әскерилерді ПТР-мен қамту жайлы айтылды. Министрдің сөзінше, қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі зертхана болса, Ақтау мен Семейде мобильді кешендер бар. Бүгінге дейін Қарулы Күштер құрамының 20 пайызы вакцина алған. Сондай-ақ, алдағы Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеу, келер жылы ел әскерінің 30 жылдығын ұйымдастыру жоспары талқыланды.
Амангелді Сейітхан