Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының талаптарына бірқатар өзгеріс енгізілді. Стипендиаттар енді «Ғалымдар» санаты бойынша білімдерін жетілдіретін болады. Биыл оған 500 стипендия бөлінді. Жаңа мамандықтар тізіміне «Урбанистика», «Вирусология», «Креативті индустрия» сынды бағыттар да қосылды. Сондай-ақ, оңтайландыру жұмыстардың нәтижесінде конкурсқа құжат өткізу барысы толығымен автоматтандырылды. Байқаудағы іріктеу кезеңдері алтыдан үшке дейін қысқартылды.
Айнұр Кәрібозова, Халықаралық «Болашақ» орталығының басшысы:
Кешенді тестілеудің барысы аудио, видеофиксацияланады. Және қандай да бір басқа қосымша ақпарат көзінен жауап іздеу амалын жасаған үміткерлерге анти-читинг бағдарламасы орнатылған.
Ламбриан Топузидис