Алматыда бір тәулікте 6500 адам Кви-ге қарсы вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 6500 адам Кви-ге қарсы вакцина салдырды

23.04.2021

Алматыда вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Алып шаһарда бір тәулік ішінде 6 530 тұрғын екпе салдырды. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 ақпаннан бері вакцина алғандар 162 мың адамға жеткен. Бүгінде қала бойынша 205 екпе салу пункті жұмыс істеп тұр. 406 вакцинация бригадасына 1 800 медицина қызметкері жұмылдырылған. Алматы әкімдігі қала тұрғындарын екпе салдыруға шақырады. Вакцина алу тегін.

коронавирус вакцина екпе алматы қаласы

Хабарламаларға жазылу