Президент отандық вакцинаны дайындаған ғалымдарға алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент отандық вакцинаны дайындаған ғалымдарға алғыс айтты

23.04.2021

Отандық екпе өндірісін ұлғайту маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына жазды. 

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын», - деп айтқан.

Амангелді Сейітхан

QazVac ковид -19

Хабарламаларға жазылу