Аграрлық салаға бөлінетін субсидиялар сыбайластық жолмен талан-таражға түсіп жатыр. Мемлекетке 2,1 млрд теңге шығын келді. Өйткені, бұл қаржыны беру механизмі жабық өтеді. Ережелері де жетілдірілмеген. Салдарынан жемқорлық дерегі жиі тіркеледі,-дейді сенат депутаты Андрей Лукин. Соңғы 5 жылда жеңілдік несиесі мен субсидияға 2,9 трлн теңге бөлінген. Алайда, 2018-2020 жылдары мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысты 144 қылмыстық іс тергелген. Соның 57-сі сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қаралды. Сондқытан депутат агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау ережелерін қайта қарауды ұсынды.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Субсидия бөлуде жемқорлық дерегі жиі тіркеледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/139911/)