АҚШ Тоқаевтың реформаларын қолдайды - мемлекеттік хатшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Тоқаевтың реформаларын қолдайды - мемлекеттік хатшы

23.04.2021
АҚШ Тоқаевтың реформаларын қолдайды - мемлекеттік хатшы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

М.Тілеуберді Президент Қ.Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын», - мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.

Хабарламаларға жазылу