Сенат сотталғандарды қайтару туралы шартты ратификациялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сотталғандарды қайтару туралы шартты ратификациялады

22.04.2021

Сенат Солтүстік Македониямен арадағы сотталғандарды қайтару туралы шартты ратификациялады. Сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды бір-біріне ұстап беру келісімін де мақұлдады. Демек, бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтар Солтүстік Македонияда жасырына алмайды. Бүгінге дейін біз 30-ға жуық мемлекетпен осындай шарт жасастық. Шет елдерде 922 қазақстандық жазасын өтеп жатыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қылмыскерлерді жауапкершілікке тартудың әртүрлі кезеңдерін қамтиды және қылмыспен күресті күшейту үшін мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастырады. Соған сәйкес, қылмыстарды тергеу процесінде жан-жақты көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстау және оларды экстрадициялау, сотталған адамдарды беру сияқты өзара іс-әрекеттер қарастырылған.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу