Қазақстан темір жолының хабарлауынша көрші ел қазір Достық стансасында жиналып қалған вагондарды жылдам қабылдай бастады. Тіпті үш мыңға жуық вагонның 300-і ғана қалған. Бір аптада жүкті толық шекарадан өткіземіз деп отыр. Бұған дейін Қытай тарапы індетке байланысты тауарларды өте баяу қабылдаған еді. Соның кесірінен 12 мыңдай вагон қаңтаралып қалған. Шығынға баттық деген кәсіпкерлер Үкіметтен көмек сұрап, тауар тасымалы туралы көрші елмен келісім жасалған еді. Бірақ соны осы уақытқа дейін бұзып келген Қытай, енді ғана талапты жеңілдетті.
Досжан Маратұлы