Алматыда кеше түннен бері қалың қар жауып, тұрғындарды әбігерге салды. Мамандардың сөзінше, қар қалыңдығы 6-8 сантиметр, ал таулы аймақтарда 12 сантимертрге дейін жеткен. Осыған орай қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырды. Себебі, көпшілік көлігінің дөңгелегін жазғыға ауыстырған.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментіндегілер таулы аймақтарда қар көшкіні болуы мүмкіндігін ескертті. Ал синоптик мамандар ертеңнен бастап күн қайта жылитынын айтты. Қазір қаладағы ахуал тұрақталды.
Александр Сергеев, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы:
Казгидромет мамандары қар жауатынын алдын ала ескертті. Сондықтан, біз дайын болдық. Кеше түнгі 10-нан бастап мұз ерітуге арналған арнайы материалдарды көшелерге себуді бастадық.