Елордада әлеуметтік жобалар форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әлеуметтік жобалар форумы өтіп жатыр

22.04.2021

Бүгін Елордада Елбасы қорының ұйымдастыруымен бірінші әлеуметтік жобалар форумы басталды. Екі күнге жалғасатын онлайн шарада қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, оны шешу жолдары қарастырылады. Мысалы, биыл әлеуметтік проблемаларды реттеуге бағытталған 200-ден аса жоба ұсынылған. Комиссия оның ең үздік 50-ін іріктеп алды. Енді форум барысында осы ұсыныстар мен идеялар талқыланып, жеңімпаздар анықталады. Жобаны жүзеге асырып, ары қарай жетілдіру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттар беріледі. 

Әлкей Марғұлан, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:
Біз резолюция қабылдап, ол резолюцияны үкіметке ұсынғалы отырмыз. Оның жүзеге асырылуын қордың директоры Дариға Нұрсұлтанқызы тікелей өзінің бақылауына алып отыр. Себебі ол кісінің де мақсаты бүгін көптеген эксперттердің пікірлерін біле отырып, олардың тұшымды ойларын Парламент арқылы заңдық дәрежеде көтеру.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу