Латын графикасына негізделген әліпбидің жаңа нұсқасы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын графикасына негізделген әліпбидің жаңа нұсқасы шықты

22.04.2021

Латын графикасына негізделген әліпбидің жаңа нұсқасы шықты. Тіл саясаты комитеті оны қоғамдық талқылау үшін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» сайтына жариялады. Жаңа құжатта әліпбиді кириллицадан латын қарпіне көшіру нұсқасына бір өзгеріс енгізілген. Мәселен, «ң» әрпінің таңбалануы бұрынғыдан басқа. Көпшілік жаңа нұсқаған қатысты пікірлерін 6 мамырға дейін білдірсе болады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу