Асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруаларға кредитті төмен пайызбен беру қажет. Пайыздық мөлшерлемені азайтуға қатысты депутат Аманғали Бердалин ұсыныс айтты. Ол өтеу мерзімін де кемінде 3 жылға дейін жеңілдету керек дейді. Субсидиялауға қаражат көп бөлінгенімен, елде асыл тұқымды мал саны бір жылда небары 1 процентке ғана өскен. Айтуынша, мал шаруашылығының кейбір саласын қаржыландыру лимиті соңғы 7 жыл ішінде тіпті өзгермеген.
Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мысалы біздің елде шығарылған қазақтың ақ бас тұқымы көрші Ресейден сатып алынады. Импорттық малға қарағанда 2-3 есе қымбат екенін ескере отырып, бюджет қаражатының шетелге кетіп, сол арқылы олардың экономикасын көтереді деп болжауға барлық негіз бар.
Ақерке Бектас