Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын көбейту керек - депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын көбейту керек - депутаттар

21.04.2021

Мұғалім, дәрігерлермен қатар әлеуметтік саладағы қарапайым жұмысшының да жалақысын көбейту қажет. Депутаттардың айтуынша, елде мұрағат, мұражай және кітапхана қызметкерлері мен тарихшы, өнертанушылардың орташа жалақысы шамамен 60 мың теңге. Ал 70-75 мың теңге алатын жедел жәрдем жүргізушілерінің айлығы 5 жылдан бері көтерілмегенін айтады. Мектеп пен балабақшадағы техникалық қызметкерлер жалақысы 50 мың теңге шамасында. Мақсат Раманқұлов бұл саладағылардың тіпті ипотекамен де үйге қол жеткізе алмайтынын, жылдар бойы пәтер жалдап тұратынын еске салды.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу