Ал Түркістан облысы Бәйдібек ауданы полицейлері мен табиғатты қорғау тобы қызғалдақтарды аяусыз жұлған азаматты құрықтады. Ақбастау ауылы маңындағы жайылымдық алқаптан «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған Грейг тұқымының 6 түбін үзіп алғаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қаралған. Бұл - 9 млн теңге. Тіпті қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Табиғатқа қаскөйлік танытқан азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Ғани Қалмаханов