Маңғыстауда Каспий теңізінің Түпқараған ауданына қарасты жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды. Мамандардың айтуынша түйелер ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін. Қатты толқынның салдарынан жағаға енді шығып жатыр. Қазір төтенше жағдайлар департаменті мен ветеринария станциясының қызметкерлері өлекселерді жойып жатыр.
Аягөз Оралбайқызы