Алматыда COVID-19 сынамаларының 78 пайызынан «британиялық» штамм табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда COVID-19 сынамаларының 78 пайызынан «британиялық» штамм табылды

21.04.2021

Алматылық мамандар тұрғындардың сынамаларына талдау жүргізіп, соның 78 процентінде британиялық штамм барын анықтаған. Ал 56 пайыз сынамада коронавирустың мутацияланған штамы табылды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Айтуларынша, шаћардағы эпидемиялық ахуалдың нашарлауына жаңа штамдардың таралуы әсер еткен. Сондықтан зертханаларда арнайы зерттеулер жүргізілген. Қазір мегаполисте соңғы 1 ай ішінде амбулаторлық ем алушы науқастар саны күрт көбейді. Пациенттер үшін 7 мыңнан астам төсек-орын бар, оның 58 пайызында науқастар ем алып жатыр. Ал 6 мың науқас күнделікті емханаларға барып емделеді. Олардың 700-ден астамында коронавирустың симптомсыз түрі.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу