Қарағанды жұртын тақырға отырғызған алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды жұртын тақырға отырғызған алаяқ ұсталды

18.01.2019

Қарағандылық тұрғындар алаяқтың арбауына түсіп қалды. Сұрқия жоспарын жүзеге асырған ұры жұрттың 50 миллион теңгесін жымқырған. Елге соңғы моделдегі ұялы телефондарды нарықтағы бағадан арзанға әкеліп беремін деп ақша жинаған. Ол үшін алдын ала жалған келісімшарт жасап, клиенттердің сеніміне кіріп, 100 пайыз төлем алып отырған. Бұған қоса, арнайы каталог пен прайс-парақты көрсетіп, оның электронды нұсқасын әлеуметтік желіге де жүктеген. Ал, келісілген уақыт жеткен кезде сұрау салған клиенттерге түрлі сылтау айтқан. Күдікті ұсталды, тергеу басталды.

Жанатай Сембеков, облыстық ІІП департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Ұсталған күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, аталған алаяқтық әрекеттен зардап шеккен азаматтар Қарағанды қаласындағы Терешкова көшесінде орналасқан орталық полиция бөліміне шағымдануына болады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу