Израильде балаларға КВИ-ге қарсы екпе салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде балаларға КВИ-ге қарсы екпе салынуы мүмкін

21.04.2021

Израиль жарты жылдан кейін халықты вакциналау науқанының екінші кезеңін бастауды жоспарлап отыр. Келесі раундта 12 мен 15-тің арасындағы балаларға да екпе салынуы мүмкін. 

Мұны премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. «Сол науқанға йықтарыңыз бен бұлшық еттеріңізді және балаларыңызды әзірлей беріңіздер», - дейді Израиль үкіметінің жетекшісі.

Айта кетсек, израильдіктер осы айда маска тағуды тоқтатты. Себебі, бұл елде жасы 16-дан асқан тұрғындардың 81 пайызына америкалық «Файзер» иньекциясы егілген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу