Шымкентте 9 балабақша мен 10 оқу орны карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 9 балабақша мен 10 оқу орны карантинге жабылды

21.04.2021

Шымкентте 9 балабақша мен 10 университет пен колледж коронавирустың таралуына байланысты карантинге жабылды. Осы мерзім ішінде індет ошақтарында залалсыздандыру, тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ вирустан сақтану талаптарын сақтамаған 5 балабақшаға 508 мың теңге айыппұл салды. Санитарлық нормаларға немқұрайлы қараған тағы 34 мектеп 3 миллион теңге айып төледі. 

 Шаһарда вакцинациялау ісі барлық тұрғындарға қолжетімді болуы үшін мобильді топтар ұйымдастырылды. Олар ірі сауда орындары, халық көп шоғырланатын жерлерде және мекемелерде екпе жасауда. Енді қарбалас тірлікпен жүрген тұрғындар арнайы емханаға бармай-ақ жол-жөнекей осындай орындарда да вакцина салдыра алады. Ол үшін жанында жеке куәлігі болса жеткілікті. 

Жадыра Агишанова, Шымкент темір жол ауруханасының директоры:
Біздің мейірбикелер үгіт-насихат жүргізіп, қонақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бастады. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу