Кинотеатрда билеттер былтырға қарағанда 16%-ке қымбаттады. Биыл наурыздан бастап билет құны 1500 теңгеге жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кино көру бағасы әсіресе Шымкентте қымбаттаған - 2600 теңге тұрады. Атырау қаласында да арзан емес – 2500 теңге. Киноға билет бағасы ел бойынша әзірге тек Түркістанда арзан – 800 теңге. Қостанай мен Семейде керісінше 2,7-3,5%-ке арзандаған. Айта кетейік, карантин шектеулеріне байланысты бұл саладағы кәсіпкерлер кірісі былтыр 37,4%-ке қысқарған еді.
Ақерке Бектас