Цифрлық таңбалаудан өтпеген аяқ киімдер елімізге импортталмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық таңбалаудан өтпеген аяқ киімдер елімізге импортталмайды

20.04.2021

1 шілдеден бастап цифрлық таңбалау енгізілмеген аяқ киімдер Қазақстанға импортталмайды. Тіпті Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тасымалданатын тауар да. Елде аяқ киім тауарларына арнайы Data Matrix кодымен цифрлық таңбалауды енгізу міндеттелмек. Цифрлық экономиканы дамыту орталығының хабарлауынша, әзірге ішкі нарықта таңбаланбаған аяқ киімдерді жыл соңына дейін сатуға рұқсат беріледі. Жаңа талапты нарықтағы барлық саудагерлер орындауға міндетті.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу