Натанзда жарылыс жасады деген күдіктінің суреті жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Натанзда жарылыс жасады деген күдіктінің суреті жарияланды

20.04.2021

Иран Натанз ядролық нысанында жарылыс жасады деген адамның суретін жариялады. Реза Кәрім есімді 43 жастағы күдікті оқиғаға дейін елден қашып кеткен. Қазір оған халықаралық іздеу жарияланды. Айта кетсек, сәуірдің 11-де аталған ядролық кешенде апат болып, электр энергиясы сөнген. Ел билігі болған жайды «терроризмге» теңеп, оған Израильді айыптап отыр. Израиль болса, әзірге жауап бермеді. Тегеранның мәлімдеуінше, қазір орталық қалпына келтіріліп, уран байыту 60 пайызға арттырылған. Бұл жағдай Венада өтіп жатқан ядролық келіссөздерге тұспа-тұс келді. Жиында Иран, АҚШ және тағы 5 мемлекет өкілдері 2015 жылғы пәтуаға оралу шарттарын талқылап жатыр.


Хабарламаларға жазылу