Теңіз мұнай кенішінің 4 мың жұмысшысы екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз мұнай кенішінің 4 мың жұмысшысы екпе салдырды

20.04.2021

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінің 4 мыңнан астам жұмысшысы «Sputnik V» вакцинасын салдырды. Олар дәрілік препараттың алғашқы компонентін алды. Алпауыт кәсіпорынның тағы 10 мыңға жуық қызметкері екпе салдыру үшін кезекте тұр. Қазір кен орнындағы вахталық қалашық аумағында егу пункті ашылған. Осы аптаның соңына дейін теңізге Sputnik V-дің тағы 5 мыңнан астам дозасы жеткізілмек. Қазір кеніште індет жұқтыру көрсеткіші бәсеңдеп, эпидахуал тұрақталды. Ал облыс бойынша 15 мыңға жуық адамға екпе салынды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу