Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық бессайысшылар бірінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық бессайысшылар бірінші орын алды

20.04.2021

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Елена Потапенко мен Владислав Мищенко бессайыстан алтын медальға ие болды. Жүзу, семсерлесу, атқан міну сиқяты спорт түрлерінен тұратын Әлем кубогының соңғы кезеңі Болгарияның София қаласында өткен еді. 19 команда қатысқан сайыста отандастарымыз Беларусь пен Кореяны басып озып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Бұл - Әлем Кубогы кезеңіндегі Қазақстан құрамасының алғашқы алтыны.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу