Жол құрылысына жауапты тағы 4 шенеунік жұмыстан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол құрылысына жауапты тағы 4 шенеунік жұмыстан босатылды

20.04.2021

Өз міндетін дұрыс атқара алмаған 4 шенеунік жұмысынан босатылды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізе алмағаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысы әкімдерінің орынбасарлары қызметтерінен босатылды. Мұндай шаралар бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін қабылданды»,-деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Оңғар Алпысбайұлы

жол Президент

Хабарламаларға жазылу