«Қостанай жылқысы» құрып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қостанай жылқысы» құрып барады

19.04.2021

Ат спорты бойынша еліміздің брендіне айналған «Қостанай жылқысы» құрып барады. Бүгінде қаладағы 130 жылдық тарихы бар ат баптау орталығында 48 жылқы ғана қалған. Бұрын мұнда жылқының үш түрі өсірілсе, қазір бір түрі ғана бар. 2014 жылы мемлекеттік қолдау тоқтатылып, зауытты сақтап қалу үшін бәйге аттары түгелдей сатылып кеткен. Ал, олардың бәрі отандық ғалымдардың талай жылғы еңбегінің жемісі еді. Сондықтан, орталықты қайта қалпына келтіру керек, дейді ұлттық спорт жанашырлары. Өйткені, «Қостанай жылқысы» спорттың барлық түріне икемді, өте төзімді жануар.

Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
«Қостанай жылқысының» қанында енді ғалымдардың айтуынша, ағылшын жылқысы, ақалтеке, Азияның қарабайыры, Кавказдың, донның жылқыларының қаны бар. Қазір құрудың алдында тұр.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу