Алматыда азық-түліктерге шекті баға белгілеу мерзімдері ұзартылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда азық-түліктерге шекті баға белгілеу мерзімдері ұзартылып жатыр

19.04.2021

Алматыда азық-түліктерге шекті баға белгілеу мерзімдері ұзартылып жатыр. Енді сатушылар бірінші санаттағы жұмыртқаның 10 данасы үшін бір ай емес, 90 күнге дейін 487 теңгеден артық баға қоймауы керек. Ол өнімнің нарықтағы құнына сай, кәсіпкерлер шығынға батпайтындай белгіленіп отыр. Ал Ақмола облысында бірнеше ферма жұмыртқаны арзандатты. Бұған дейін оларға бағаны сөз байласу арқылы әдейі өсіргені жайлы ескерту жолданған еді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда да әлеуметтік тауардың 19 түрі бойынша ірі сауда орындарымен келісім жасалды. Бағаны тұрақтандыру үшін 5 миллиард теңге бөлінбек.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу