Қаржы нарығының сарапшылары өңірлердегі жалақы мөлшерін жариялады. Айтуларынша елімізде жан басына шаққандағы орташа табыс - 125 мың теңге. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда 13 пайызға көп. Ал жан басына шаққандағы ең аз табыс Түркістан облысында - 66 мыңдай. Жамбыл облысында - 86, Алматы облысында 90, Қызылорда облысында 91 мың теңге. Ал көбі Атырау облысында. 230 мың теңге. Нұр-Сұлтанда-193, Алматыда - 185 мың теңге.
Досжан Маратұлы