Қазақстанның сыртқы қарызы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның сыртқы қарызы өсті

19.04.2021

Еліміздің сыртқы қарызы өсіп жатыр. Бір жылда ол 4 пайызға көбейген. Ұлттық банктің мәліметі бойынша Қазақстан сыртқа 163 миллиард 300 миллион доллар берешек. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,1 процентке яғни, 6,5 млрд-қа көп. Ал қарыздың басым бөлігі Нидерландыға тиесілі. 44 миллиард доллар. Одан кейін Ұлыбриятания - 23, АҚШ - 13, Франция - 11 және халықаралық ұйымдарға 11 миллиард доллар берешекпіз. Ұлттық банктің хабарлауынша қарыздың жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі 25 пайыз шамасында. Дүниежүзілік банктің есебінше, бұл қауіпсіз көрсеткіш. 

Досжан Маратұлы

Қазақстан сыртқы қарыз Ұлттық банк берешек

Хабарламаларға жазылу