Шекара маңындағы ауыл тұрғындары екпе алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара маңындағы ауыл тұрғындары екпе алып жатыр

19.04.2021

Шығыс Қазақстандағы шекаралық ауылдардың халқы екпе ала бастады. Үржар ауданындағы Мақаншы өңірі Қытаймен шектеседі. 30 мың тұрғыны бар. Қазір мамандардың есептеуі бойынша халықтың тең жартысына вакцина жасау қажет. Әзірге 740 адамға «Спутник V» вакцинасы салынған. 10 ауылда егу пункттері құрылып, біртіндеп иммундау жалғасып жатыр.

Айгүл Нұрғалиева, Үржар аудандық №2 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Жай қарапайым халық, жұмыс істемейтін үй шарусындағы адамдар және де өздерінің науқастары бойынша диспансерлік есепте тұратын науқастар алды. Жалпы халықтың көзқарасы жақсы. Вакцинациядан кейін ешқандай кері әсер болған жоқ. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу