Жамбыл облысында ірі көлемде пара алған прокуратура қызметкері ұсталды. Бас прокуратураның таратқан мәліметіне сәйкес, ішкі тергеу департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп Байзақ ауданындағы прокуратура қызметкерін пара алу кезінде қолға түсірген. Қазір тергеу шаралары жүруде. Өзге ақпараттар тергеу құпиясына сай жарияланбай отыр.
Сәбит Әлдебай